Франция қазақстандықтарды «Цифрлық күзді» бірге қарсы алуға шақырады

0
1 412

«Цифрлық күз» Алматы мен Астана қалаларында Қазақстандағы Франция Елшілігінің, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің және Француз альянсының қолдауымен өтпек


Франция қазақстандықтарды «Цифрлық күзді» бірге қарсы алуға шақырады

ERNUR.KZ. Таяу уақытта қазақстандықтар танымал француздық суретшілердің инсталляцияларын көруге не болмаса интерактивті концерттерге қатысу мүмкіндігін алмақ. Ал ол үшін небәрі смартфон ғана қажет. «Цифрлық күз» деп аталатын француз мәдениетінің жаңа маусымы аясындағы осы және өзге де жобалар жайында Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ тарқата айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Цифрлық күз» Алматы мен Астана қалаларында Қазақстандағы Франция Елшілігінің, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің және Француз альянсының қолдауымен өтпек.

Франция өзінің стратегиялық серіктесі Қазақстанға құлақ түре отырып, өзінде бар ең үздік дүниелерді ғана ұсынады. Франция - бұл инновация мен заманауилықтың нышаны, сонымен қатар көкжиегі жаңарған ел. Ағымдағы жылғы мәдениет маусымының басты тақырыбы инновацияға, кәсіпкерлікке тәсіл мен болашаққа қарай түбегейлі бағдарланған. Күз Франция Елшілігінің мәдени жобаларымен және оның серіктесі Қазақстандағы цифрландыруды дамытудың саяси бағытымен селбесіп материалсыздандырылады, виртуалданады. Алуан түрлі бағдарламалардың арқасында жаңа технологиялар барлығына қолжетімді бола түседі.

"Біз «Grame» жобасын ұсынатын боламыз. «Grame» - бұл инновациялық процестермен әуестенген түрлі жанр мен бағыттың композиторлары, орындаушылары, зерттеушілері мен әртістері кездесіп, туындыларды дүниеге әкелетін орын. Олар ең алдыңғы қатарлы технологиялық жабдықтармен қатар шығармашылық және технологиялық қолдауға да ие. Әрбір маусым барысында француздық және шетелдік шамамен 20 композитор, сондай-ақ өзге де әртістер командасы осы жерде өздерінің шығармашылық резиденциясын өткізеді. Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда смартфондарға арналған Grame «Smart Faust» қосымшасын пайдалану арқылы интерактивті концерт өтеді. Концерт екі бөлімнен тұрады. Алдымен смартфондар мен солистер «хоры» үшін 3 шығарма, содан кейін жұртшылықтың тікелей қатысуымен ақтық шығарма орындалмақ. Хорға қатысты айтар болсам, ол 10-нан 30-ға дейінгі еріктіден тұрады. Олар музыканттар мен композитордан 3 сағаттан 3 сабақ алған, яғни қысқа мерзімді тағлымдамадан өткен музыкант емес адамдардан жасақталады" -дейді елшісі Филипп Мартинэ.

Форумға француз кәсіпорындары мен сарапшылар, сонымен қатар қазақстандық мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдардың өкілдері қатыспақ. Олар цифрлық технология тақырыбының түрлі мәселелерін талқылау үшін бас қосады. Бұл шарамен қатар көрші аудиторияда іскерлік кездесулер өтіп, сарапшылар пікірталасы болады. Атап өтерлігі, әрбір сессияға түрлі кәсіпорынның атынан сөз сөйлейтін кемінде екі француз сарапшысы мен қазақстандық тараптан жоғары лауазымды бір өкіл қатысады. Сессия жүргізушісі әрбір қатысушыға сөз сөйлеу үшін 20 минуттан береді және сұрақ-жауапқа да уақыт қарастырылған. Форум кезінде келіссөздер мен кездесулер өткізу үшін жеке аудиторияны пайдалануға да мүмкіндік бар.

19 қазаннан бастап 4 қарашаға дейін Алматыдағы Dostyk Plaza сауда ойын-сауық орталығында «Дельта p3», «Жиекті перспектива» және «Былық 4p2» (frame version) деп аталатын 3 инсталляция қояды. Инсталляциялар режиссер Оливье Ратсидың жұмыстары саналады. Оливье Ратсидің шығармашылығы кеңістікті түсіну тақырыбына арналған бірқатар жобаны қамтиды. Ұсынылатын жоба - бұл Echolyse топтамасының вариациясы. Оны көру арқылы сіздер кеңістік адымдап өлшеп, түпсіз тұңғиыққа батып кетесіз не болмаса суретші қиялынан туған сәулелердің ойын нысанына айнала аласыз. Бірінің үстіне бірі текшелеп қойылған нысандар мен заттар кеңістікті мүлдем жаңаша бағалауға мүмкіндік береді және жаңа виртуалды аумақты ашуға септігін тигізеді. Echolyse жобасын жүзеге асыру сонау италиялық Ренессанс суретшілері қолданған бейнелер мен перспективалардың өзгеруі техникасына негізделген. Бұл техника «анаморфоз» деген атаумен белгілі. Оптикалық иллюзия сізді шығарманың дүниеге келуін көру үшін кеңістікте орын ауыстыруға шақыра отырып, көру үшін таңдап алған нүктеңізге тәуелділігіңізден жаңылыстырады. «Дельта» - бұл видео, дыбысы бар видеокесін цикл түрінде ұсынылатын инсталляция. Ал «Жиекті перспектива» шамамен 20 жарықдиодты және ағаш жиектен жасалатын инсталляция. Бұл үйлесіммен әртіс 2012 жылдан бері Fragment in Space жобасы аясында жұмыс істеуде. Келешек сізді жарық ағынына ілестіріп, бір мезетте толқында жүзіп жүресіз.

Францияның үздік анимациялық фильмдері 27 қазан мен 3 қараша аралығында Алматы кинозалдарында орыс тілінде субтитрмен көрсетіледі. Фестивальге анимациялық өнердің әлемдегі ең мәртебелі мектептерінің бірі Les GOBELINS өкілдері келеді. Олар шеберлік сабақтарын өткізіп, қазақстандық мультипликаторлардың шығармашылығымен танысады.

Сорбон-Қазақстан институты мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры үлкен инновациялық конкурс бастайды. Оның қорытындысында Қазақстанда жұмыс істейтін және цифрлық технологияларды инвестициялауға дайын кәсіпорындар үшін инновациялық шешім жасап шыққан үздік команда марапатталады. Хакатонға шақырылған француз компанияларының өкілдері үздік команданы анықтау үшін қазылар алқасының құрамына кіретін болады. Бірінші орын алған команда француз стартаптардың экожүйесімен танысу үшін бір аптаға Парижге сапар шегеді. Конкурсты Алматыдағы Француз альянсы ұйымдастырып отыр. Ол жарыс түрінде өтеді. Конкурс шартына сәйкес командалар 48 сағаттың ішінде толық метражды немесе виртуалды шынайылықты қысқа метр түсіріп үлгерулері қажет. 3-4 адамнан тұратын команда Wonda VR-дің екі мұғалімінің басшылығымен жұмыс істейді. Олардың тек қана 2 күн уақыттары бар. Конкурс аяқталғаннан кейін барлық жобаларды iOS немесе Android мобильді қосымшасының көмегімен көруге болады.

Жобаға ең алдымен өнер, кино, анимация немесе графиканы оқып жүрген студенттер шақырылады.