Газа секторында Қазақстан азаматы қызымен қаза тапты

0
674

Отандасымыз Газа секторында күйеуімен (Палестина азаматы) бірге ұзақ уақыт бойы тұрған.


Газа секторында Қазақстан азаматы қызымен қаза тапты

ERNUR.KZ. Газа секторында Қазақстан азаматы қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі растады.

"2023 жылғы 22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты. Өкінішке қарай, онымен бірге Палестина азаматтығы болған 23 жастағы қызы да қайтыс болды", - деп хабарлады ведомство.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, отандасымыз Газа секторында күйеуімен (Палестина азаматы) бірге ұзақ уақыт бойы тұрған.

Еске салайық, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Газа секторында палестиналықтарға тұрмысқа шыққан қазақстандықтар бар екенін хабарлаған еді.

"Газа секторында Қазақстанның 25-ге жуық азаматы бар деген ақпарат бар. Олар - көбіне палестиналықтарға тұмысқа шыққан қазақстандықтар. Қазір кейбір отбасылар қауіпсіз орын іздеп жүр. Байланысқа шығуға байланысты проблема бар. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деді ведомствоның ресми өкілі СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.