Генерал Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылды

0
912

Алматы облысы Полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаев 18 ақпанда қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.


Генерал Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылды

ERNUR.KZ. Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылды, деп жазады tengrinews.kz.

"Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігі 1-тармағы "Ауыр зардаптарға алып келген қызметтегi әрекетсiздiк" бойынша тіркеліп, Серік Мырзақұлұлы Күдебаев күдікті деп танылған облыстық ПД лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатқанын хабарлаймыз", - деді Бас прокуратура өкілдері Tengrinews.kz сұрауына.

Ведомство мәліметінше, ҚІЖК-ның 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды, "соған байланысты қойылған сұрақтарға толық жауап беру мүмкін емес".

Еске салайық, Алматы облысы Полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаев 18 ақпанда қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.

Сәуірдің басында әлеуметтік желілерде Күдебаевтың қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық іске қатысы бар деген ақпарат тараған болатын. Бұған Бас прокуратураның Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының ҰҚК және Полиция департаменттері ғимараты және Алматы әуежайының қараусыз қалуына қатысты тексеру жариялағаны туралы мәлімдемесі себеп болған. Ведомство басшылары күдікті деп танылғаны айтылды.