Генерал-майор Берік Біләловке қатысты соталды тергеу басталды

0
733

ҚР Бас прокуратурасының ұйғарымымен бұл қылмыстық іс бойынша тергеуді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді.


Генерал-майор Берік Біләловке қатысты соталды тергеу басталды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ІІД бастығының міндетін атқарушы, генерал-майор Берік Біләловке қатысты соталды тергеу басталды, деп жазады tengrinews.kz.

"ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті биыл қаңтарда келіп түскен 2021 жылы алаяқтық жолмен ақшалай қаражатты иемдену туралы келіп түскен өтініш жөнінде СҚО бойынша ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Б.С. Біләловке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады", - делінген хабарламада.

ҚР Бас прокуратурасының ұйғарымымен бұл қылмыстық іс бойынша тергеуді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді.

"Тергеу бойынша жиналған материалдар осы органға жіберілді. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.