Генерал-майор Талғат Нұрмағамбетов қайтыс болды

0
703

Талғат Нұрмағамбетов 67 жасында қайтыс болды.


Генерал-майор Талғат Нұрмағамбетов қайтыс болды

ERNUR.KZ. Алматыда медициналық қызметтің генерал-майоры Талғат Нұрмағамбетов қайтыс болды, деп жазады тengrinews.kz.

Бұл мәліметті Алматыдағы Ардагерлер кеңесі растады.

"Кеше кешке, 18 мамырда Талғат Нұрмағамбетов 67 жасында қайтыс болды. Ол кезде ол үйінде Алматыда болды. Талғат Нұрмағамбетов онкологиялық аурумен ауырған болатын", - деді Ардагерлер кеңесіндегілер.

Генерал-майорды жерлеу уақыты әзірше нақтыланып жатыр.

Талғат Нұрмағамбетов 1952 жылы 27 қазанда Ташкентте дүниеге келген. 1973 жылы Алматыда Мемлекеттік медициналық институтты аяқтаған.

Кейін ҚР Қорғаныс министрлігінде қызмет еткен.