Медициналық құрал жабдықтар әскери бөлімдерге беріледі.
ERNUR.KZ. Алматы халықаралық әуежайына Қазақстанның Қарулы күштері үшін медициналық мақсаттағы гуманитарлық көмек ретінде жүк келді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Гуманитарлық көмекті жіберуші – Германия Қорғаныс министрлігі. Мүлікті кедендік тазарту «СҚ-Фармация» ЖШС-мен бірлесіп жүргізілді.
Медициналық қажеттіліктер мен жабдықтар коронавируспен күресуге арналған. Өкпені жасанды желдету аппараттары, термометрлер және бір реттік маскалар эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін әскери бөлімдерге беріледі.