Германияда өлтірілген судья Айгүл Сайлыбаеваның енесі сол күйі табылмады

0
249

Экс-судья өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр.


Германияда өлтірілген судья Айгүл Сайлыбаеваның енесі сол күйі табылмады

ERNUR.KZ. Әзірге қамауға алынған ешкім жоқ, дәлелдер әлі де сарапталып жатыр. Бұл туралы Дармштадт қаласының (Германия) прокуратурасы ресми сауалға берген жауабында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Тергеу амалдары жалғасуда, атап айтқанда, қосымша айғақтарды талдау қажет. Осыған байланысты тергеу әзірше аяқталмайды. Қамауға алынғандар да жоқ. Бұдан басқа, қазіргі уақытта туыстарының қайда екені туралы ақпарат жоқ", — деп түсіндірді аға прокурор Йоахим Хаусшильд ҚазАқпарат ресми сауалына.

Прокуратура тергеуге қанша қызметкер қатысқанын хабарламады.

Азаптап өлтірілген экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті Германиядан табылған болатын.

Бұрынғы судьяның жоғалғанын оның інісі Қанат Сайлыбаев хабарлаған еді.

Артынша неміс полициясы ҚР азаматшасы Айгүл Сайлыбаеваның өліміне түсінік берді.

Бұған дейін 40 жастағы А.Сайлыбаева Астананың Сарыарқа ауданында судья болып қызмет атқарса, соңғы уақытта Германияның батысындағы Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған.

4 маусым күні таңертең қызын балабақшаға апарған. Содан бері оны ешкім көрмеген. Оның денесі қала шетіндегі Эрлаче карьерінен табылды.

Немістің BILD басылымының хабарлауынша, әйелдің мәйіті полиэтилен қапқа салынған, өлім алдында азап көрген. Айгүл Сайлыбаеваның қолынан, мойнынан және бетінен пышақ жарақаты табылды.

А.Сайлыбаевамен бір мезгілде Ресейден келген 49 жастағы қайын енесі Наталья Донцова жоғалып кетті. 4 маусымда ол немересін балабақшадан үйіне алып келген. Содан бері оны ешкім көрмеген.

Германияда көз жұмған экс-судья Айгүл Сайлыбаева Алматыда арулап жерленді.