Қазір жоғалған Айгүлдің туыстары Германияға жедел жету үшін виза мәселелерімен айналысып жатыр.
ERNUR.KZ. «Германияда жоғалған экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның енесі мен күйеуінен зорлық көргені рас па». Сауалға Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Оны тек Германия полициясы айтып бере алады. 5 маусымда Майндағы Франкфурт қаласында ҚР азаматтары тарапынан 2024 жылдың 3 маусымында қызы жоғалып кетуі туралы арыз түсті. Бас консулдық осы істі ерекше бақылауға алды. Біздің дипломаттар жергілікті полицияға хабарласып, полиция өз кезегінде жедел іздестіру шаралары басталып кетті. Қылмыстық істің мән-жайы жария етілмейді. Біздің оған араласуға құқығымыз жоқ. Біздің дипломаттар жоғалған азаматшаның туыстарымен тікелей байланыста. Қазіргі таңда неміс тарапына бұл істе қолғабыс көрсету туралы арнайы хат жолданды. Неміс тарапымен бірлесіп, туыстарына виза алу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді Смадияров.
Еске салайық, Германияда қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаева жоғалып кетті. Болжам бойынша, ол 4 маусым күні Бенсхайм қаласында үйінен шығып кеткен. Белгілі болғаны, Айгүл енесі мен күйеуі тарапынан үнемі соққы көріп, тұрмыстық зорлыққа шыдап келген. Айгүл мен күйеуі Александр Донцовтың 3 жасар қызы бар.