Германияның Ресейдегі кәсіпорындары Қазақстанға көшуі мүмкін

0
490

Михаэль Хармс Германияның ірі бизнес өкілдері Ресейдегі кәсіпорындарын Қазақстанға көшіруге ниетті екенін айтты.


Германияның Ресейдегі кәсіпорындары Қазақстанға көшуі мүмкін

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қазақстан-герман бизнес форумында Герман экономикасы шығыс комитетінің басқарушы директоры Михаэль Хармс Германияның ірі бизнес өкілдері Ресейдегі кәсіпорындарын Қазақстанға көшіруге ниетті екенін айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.

“Герман компанияларының Ресейден Қазақстанға қоныс аударуды жоспарлап отырғанын да білеміз. Кейбіреулердің Ресейде серіктестері болды және енді олар Қазақстанның мүмкіндіктерін қолданғылары, Қазақстан нарығында серіктес тапқылары келеді. Яғни, герман бизнесінің Қазақстан жайлы ойы өзгеріп жатыр және қазақстандық нарыққа назары арта түскен”, - деді Михаэль Хармс.

Ол герман бизнесі Қазақстанның зор әлеуеті мойындайтынын айтты.

“Таяу уақытта үлкен өзгерістер болатындығын көріп отырмыз. Бұл Қазақстанда жұмыс істеу мүмкіндігін қарастырып отырған барлық герман компаниясы үшін жақсы белгі”, - деді ол.