Жалған хабар таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертілді
фото:Tengrinews.kz.
ERNUR.KZ. Астана полицейлері Геннадий Головкиннің жеңісіне ұтыс тіккен соң өзін-өзі өртеді делінген видео авторын тапты, деп жазады Tengrinews.kz.
"Полицейлер жалған видео авторын анықтады. WhatsApp-та таралған видеода автор Астанадағы Күйші Дина көшесінде біреудің өзін-өзі өртегені жайлы айтады", - делінген елордалық ІІД өкілдерінің хабарламасында.
28 жастағы ер адам өртті видеоға түсіріп, оны сыныптастарының чатына жолдағанын айтады. "Ер адам жалған хабар таратқанын мойындап, қазақстандықтардан кешірім сұрады", - деп хабарлады полицейлер.
ІІД өкілдері жалған хабар таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.