Қазақстандық теннисші дүниежүзінің 254-ракеткасы, ресейлік Мария Тимофеевамен ойнады.
ERNUR.KZ. Қазақстандық теннисші Гөзал Айнитдинова Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour BeeTV 60 Women's турнирінің екінші айналымына өтті, деп жазады zakon.kz.
Қазақстандық теннисші дүниежүзінің 254-ракеткасы, ресейлік Мария Тимофеевамен ойнады.
Нәтижесінде Гөзал Айнитдинова 6:3, 6:1.7:6 (7:3) есебімен жеңді.
"Бірінші сетте ештеңе істей алмадым, не болып жатқанын түсіне алмадым. Екінші партияда белсенді болып, тез әрекет еттім, сосын партияны жеңу мүмкін болды. Үшінші шешуші сетте мен 5:3 есебімен жүрдім, озу мүмкін болмады, тай-брейкке дейін барды және жеңіп шыққаныма қуаныштымын", - деді Айнитдинова матчтан кейін.
Енді Гөзал Айнитдинова ширек финалға шығу үшін дүниежүзінің 136-ракеткасы, жапониялық Моюка Учижимамен ойнайды.