Грузиядан алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық экстрадицияланды

0
245

Қазір күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.


Грузиядан алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық экстрадицияланды

фото:Табылды Кадырбеков

ERNUR.KZ. Грузиядан алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық экстрадицияланды, деп жазады sputnik.kz.

2020 жылы күдікті Ұлытау облысында субсидия алуға көмек көрсетемін деген сылтаумен 88 тұрғынның қаражатын иемденіп, жалпы сомасы 30 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
"Екі сыбайласы әр түрлі жазаға тартылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін қашып кеткен, сондықтан ол халықаралық іздеуге жарияланды", - деп жазылған хабарламада.
2024 жылы ол Грузия аумағында анықталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша отанына экстрадицияланды.
Қазір күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.
Айта кетері, мұндай қылмыс жасағандар үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.