Сұрақтардың қойылуына соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде өлім дерегінің тіркелуі себеп болған.
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов депутат Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты тергеу туралы пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.
Сенат кулуарында журналистер ІІМ басшысына сенатордың өлімі туралы сұрақ қойды. Сұрақтардың қойылуына соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде өлім дерегінің тіркелуі себеп болған.
"Бүгінде Қазақстанда соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі бар. Яғни, өлім себебі зорлық-зомбылық болса да, зорлық-зомбылық болмаса да - барлық өтінім тіркеледі. Тосыннан, зорлық-зомбылықпен немесе басқа да өлімнің себебін анықтау үшін арнайы зерттеулер мен сараптамалар жүргізіледі", - деді ол журналистер сұрағына жауап бере отырып.
"Ешқандай іс қозғалған жоқ. Факт тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тексеру жүргізіліп жатыр, өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл қалыпты процедура, бұл ЭЫДҰ елдерінің стандарттары, кез келген өтінім тіркеледі және ол тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі шеңберінде процедуралық тексеруден өтеді. Өлім себебі анықталмаса, сараптама тағайындалады, ал тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелмей сараптама тағайындау мүмкін емес, - деп түйіндеді ол.