ІІМ 6 шілдедегі заңсыз митинг кезінде қанша адамның ұсталғанын хабарлады

0
984

ІІМ Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз митинг ұйымдастырмақ болғандардан травматикалық қару тәркіленгенін мәлімдеген еді.


ІІМ 6 шілдедегі заңсыз митинг кезінде қанша адамның ұсталғанын хабарлады

ERNUR.KZ. ІІМ басшысы 6 шілде күні Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында өткен заңсыз митинг кезінде қанша адамның ұсталғанын хабарлады, деп жазады Today.kz.

"6 шілдеде заңсыз митинг өткізгендері үшін жүзден аса адам ұсталды. 44 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 19 адам әкімшілік қамауда. 23 адам әкімшілік айыппұл төлеуге міндеттелді. Қалған адамдармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, олар үйлеріне қайтарылды", – деді Тұрғымбаев үкімет отырысында.

ІІМ Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз митинг ұйымдастырмақ болғандардан травматикалық қару тәркіленгенін мәлімдеген еді.