​ІІМ жыл басынан бері іздеуде жүрген 58 қылмыскерді ұстаған

0
796

Бұдан бөлек республиканың криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 30 адамды анықтаған.


​ІІМ жыл басынан бері іздеуде жүрген 58 қылмыскерді ұстаған

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігінің жедел қызметтері мен оның бөліністері іздеуде жүрген 58 қылмыскерді ұстады, деп жазады Polisia.kz.


Олардың кейбірі туралы Polisia.kz сайтының тілшісіне ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров айтып берді.


Ақтау полициясы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол өткен жылдың қараша айында мас күйінде кафелердің бірінде орын алған жанжал барысында қала тұрғынын ұрып-соққан. Жәбірленуші ауыр хәлде ауруханаға жатқызылған болатын.


Өзбекстанның Үшқорған қаласында жергілікті құқық қорғау органдары Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, екі адамның өліміне қатысы бар, іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады. Ер адам 2012 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жұмыс істеп жүріп, зейнеткерлердің үйіне заңсыз кіріп, оларды өлтіріп, ақша ұрлап кеткен.


Елорда полицейлері қостанайлық әріптестерімен бірлесіп, 2020 жылы Астанадағы жобалық тұрғын үй кешенінде пәтерлерді инвестициялау және броньдау сылтауымен 144 үлескердің ақшасын иемденген ЖШС директоры мен құрылтайшысын ұстады. Қаскөй тағы екі басқа ЖШС басшыларымен бірге 4 млрд теңгені жымқырған.


Соңғы аталғандар да бұрын ұсталып, қазір үстерінен тергеу жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек республиканың криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 30 адамды анықтады.