Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті – ҚР Президенті

0
544

Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отырғанын айтты.


Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті – ҚР Президенті

ERNUR.KZ. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталамыз. Алда тұрған басты міндеттерді айқындаймыз. Қордаланған мәселелер аз емес.

11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр», - деді Мемлекет басшысы.