Сондай-ақ шектеу қойылған қолданушылар жаңа парақша да аша алмайды.
ERNUR.KZ. Instagram әлеуметтік желісі жеке хабарламалар арқылы балағат сөздер жазып қорлайтындардың жеке парақшаларын жоятын болды, деп жазады aikyn.kz.
«Енді орынсыз хабарламалар жіберген азаматтардың жеке парақшасын жоятын боламыз», – делінген хабарламада.
Осы уақытқа дейін Instagram ережелерді бұзған қолданушыларға жеке хабарламалар жіберуге уақытша тыйым салатын. Енді компания пайдаланушылардың аккаунттарын біржола жоймақ.
Компания әкімшілігі мұндай ережелер нәсілдік немесе діни көзқарасқа негізделген хабарламаларға қатысты екенін түсіндірді. Сондай-ақ шектеу қойылған қолданушылар жаңа парақша да аша алмайды.
Сонымен қатар пайдаланушыға жазылмаған парақшалардан келген жеке хабарламаларды бірден өшіру құқығы беріледі. Бұл мүмкіндік корпоративті аккаунттар мен профильдер үшін қол жетімді.