Интернат балалары коронавирусты жаппай жұқтырды – директор түсініктеме берді

0
740

​Қазіргі кезде медицина мамандары инфекцияға шалдыққандарды үнемі тексеріп тұрады. Олардың дене қызуын өлшеп, тыныс алуын қадағалайды.


Интернат балалары коронавирусты жаппай жұқтырды – директор түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Аягөз қаласындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған балалар орталығында коронавирус инфекциясын жаппай жұқтыру оқиғасы тіркелді. Бұл туралы орталықтың жаңадан тағайындалған директоры Шолпан Мұқашева мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

Бұған дейін орталықта екі бала коронавирус инфекциясын жұқтырған. Екеуі де вирусты сырттан әкелді. Біреуі демалыста ата-анасының үйінде болса, екіншісі Өскемен қаласындағы психикалық денсаулық орталығына барып қайтқан. Сол кезде оларды аудандық аруханада емдеп шығарды. Ал орталыққа қайта келгеннен кейін бөлек бөлмеде оқшаулап қойды. 2 шілдеден бастап осы мекемеде карантин шаралары күшейтілді. Орталық қызметкерлері мен тәрбиеленушілері ПТР-тесттен өтті.

"Тестілеу кезінде 35 тәбиеленуші мен 22 қызметкердің сынамасы оң нәтиже көрсетті. Қазіргі кезде эпидемиологиялық тергеу шаралары басталды. Алдын ала болжамға сәйкес, инфекцияны карантинге дейін әкелген. Бүгінде мамандар вирус жұқтырған тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің бәрін қарап шықты. Оларда COVID-19 симптомсыз өтіп жатыр",– деп жазды Мұқашева орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, қазіргі кезде медицина мамандары инфекцияға шалдыққандарды үнемі тексеріп тұрады. Дене қызуын өлшейді, тыныс алуын қадағалайды. Балалардың жағдайы қанағаттанарлық, аурудың симптомдары байқалмайды. Сабақтар күнделікті режимде өтіп тұрады. Бірақ вируспен анықталғандар бөлек топтарда оқиды.

"Біздің тәрбиеленуішеріміз өздерін жақсы сезініп жүр. Балалардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Ауру симптомсыз өтіп жатыр. Бүгінде арнайы бөлмелер жасақталды. Балаларды далаға шығару және оларға тамақ беру кестесі жасалды. Дезинфекциялық құралдар жеткілікті",– деп атап өтті Мұқашева.

Интернаттағы балалар өлімі

18 мамырда Аягөз қаласындағы психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған интернат тәрбиеленушілері қызылшадан қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Ондаған бала инфекциялық ауруханаға түскен. Бірнеше балада ішек инфекциясы анықталып, төртеуі қайтыс болды.

Екі күннен кейін шенеуніктер тергеудің нәтижесін жариялады. Оған сәйкес, төрт баланың туа біткен аурулары асқынып, сәуір айында әртүрлі уақытта қайтыс болған. Мәселен, 2008 жылы туған бала 2 сәуірде қайтыс болса, одан бір жас кіші тағы бір ер бала 11 сәуірде көз жұмды. 20 сәуірде 2006 жылғы бала, ал 29 сәуірде 2012 жылы туған қыз қайтыс болды. Төртеуінен де ата-анасы бас тартқан.

Аягөз облыс орталығы – Өскемен қаласынан 310 шақырым шалғай жерде орналасқан. Балалар омбудсмені Аружан Саинның айтуынша, мекеме алыс орналасқандықтан қоғам белсенділері үшін оны бақылап отыру қиын. Осыған байланысты омбудсмен шағын қалаларда орналасқан интернаттарды орталық қалаларға көшіруді талап ететінін мәлімдеді. Жақында интернаттың директоры ауысты.