Speedtest Ookla деректеріне сәйкес, Қазақстан Интернет жылдамдығы бойынша 64-орында.
ERNUR.KZ. Үкімет отырысында елдегі интернеттің сапасы талқыланған кезде байланыс үзілді, деп жазады ulysmedia.kz.
"Біздің алдымызда облыстық және республикалық маңызы бар жолдарды коммуникациямен қамтамасыз ету міндеті тұр, бұл жұмыс Ақтөбе және Атырау облыстарында нашар жүргізілуде", - деді Олжас Бектенов.
Одан кейін Премьер-министр сөз кезегін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровқа берді, ол жиынға онлайн қосылғанымен, сол сәтте байланыс үзіліп қалды.
"Асхат Берлешұлы, Ақтөбе облысы қайда?
Сіз естілмейсіз. Біз байланыстың сапасы туралы айтып отырмыз, ал өзімізде байланыс жоқ", – деп атап өтті Бектенов.
Speedtest Ookla деректеріне сәйкес, Қазақстан Интернет жылдамдығы бойынша 64-орында. Бұл ретте қазақстандықтар нашар байланысқа жиі шағымданады.