Иран Израильге қарай ондаған зымыран мен 200-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшырды.
ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлердің зардап шекпегенін хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
"Голан жоталарында БҰҰ бітімгерлік миссиясын орындап жатқан қазақстандық контингент қалыпты режимде жұмысты жалғастыруда. Жеке құрамның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ", - делінген хабарламада.
Айта кетері, Иран Израильге қарай ондаған зымыран мен 200-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшырды.
Бұл қақтығысқа 1 сәуірде Дамаскідегі Иран консулдығына жасалған әуе шабуылы себеп болды. Жарылыс салдарынан Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының бірнеше қолбасшысы, оның ішінде екі генерал қаза тапқан еді.