​Ірі көлемде ұрлық жасаған тепловоз жүргізушілері сотталды

0
1 920

Келтірілген шығынның көлемі 1 939 876 тенгені құрайды.


​Ірі көлемде ұрлық жасаған тепловоз жүргізушілері сотталды

ERNUR.KZ. Көліктегі полиция департаменті қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шарасы кезінде ірі көлемде ұрлық жасаған Алматы облысының екі тұрғыны анықталды,деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне деп жазады Zakon.kz.

Құқықбұзушылар теміржол ұйымдарының жұмысшылары, яғни, 46 жастағы тепловоз жүргізушісі мен оның көмекшісі болып шықты.

- Көлік полицейлері ұсталғандардың Бескөл станциясында жүк вагонынан 93 орам арнайы киімге арналған түкті матаны ұрлағандықтарын анықтады. Келтірілген шығынның көлемі 1 939 876 тенгені құрайды. Жүргізілген тергеу жұмысы барысында олардың кінәсі толық дәлелденді. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде ұсталғандардың өздері басқарған тепловоздан дизель жанармайын ұрлауға қатыстылығы бар жөнінде үш дерек анықталды, - деді ведомство өкілдері.

Алматы облысы Алакөл аудандық сотының үкімімен аталған азаматтар қылмыс жасағандары үшін кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.