Ішкі істер министрігіне қосымша құзырет берілуі мүмкін

0
1 978

Үкімет қаулысының жобасы 6 наурызға дейін көпшілік талқылауда болды.


Ішкі істер министрігіне қосымша құзырет берілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрігіне жол жүрісі саласындағы ақпараттық жүйелерді біріктіру жұмыстарын ұйымдастыру құзыреті берілуі мүмкін, деп жазады ҚазАқпарат.

«Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктеріне жол жүрісі саласындағы ақпараттық жүйелерді біріктіруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру құзыреті берілсін», - делінген жаңа редакцияда.

Үкімет қаулысының жобасы 6 наурызға дейін көпшілік талқылауда болды.

Қоса кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігіне қарасты Әкімшілік полиция мен Көші-қон қызметі комитеті таратылатынын хабарлап едік.