Ішкі істер министрлігі патриоттық флешмобты жалғастырды (видео)

0
678

Бұған дейін ішкі істер министрлігіне эстафетаны ұлттық қауіпсіздік қызметі жолдаған еді.


Ішкі істер министрлігі патриоттық флешмобты жалғастырды (видео)

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігі президенттің телерадиокешенімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған патриоттық флешмобты жалғастырды, деп жазады sputnik.kz

Бұған дейін ішкі істер министрлігіне эстафетаны ұлттық қауіпсіздік қызметі жолдаған еді. Ендігі кезекте бұл бастаманы төтенше жағдайлар министрлігі жалғастырады.


Видеода ішкі істер қызметкерінің Қазақстан Республикасына қызмет етуге кірісу жолы мен еліміздің тәртіп сақшыларының жұмысы әйгілі әнші-композитор, Қазақ КСР-нің Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің "Атамекен" әнімен сүйемелденген.

Айта кетері, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған флешмобты қорғаныс министрлігі президенттің телерадиокешенімен бірлесіп бастап, мемлекеттік күзет қызметіне табыстады. Мемлекеттік күзет қызметі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіз еліміз құтты болсын!" атты патриоттық флешмобты жалғастырып, кезекті ұлттық қауіпсіздік комиетіне жолдаған еді.