Полиция департаменті аталған фактіні тіркеуге алды.
ERNUR.KZ. Итті сойып, бөлшектеп тастаған Петропавл тұрғыны іздестірілуде. Күдіктінің әрекеті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Әуесқой түсірілімде ер адамның терісі сыпырылған итті сүйреп жүргені және оны бөлшектеп ыдысқа салып әкетіп бара жатқаны көрініп тұр. Жанында әйел бар. Полиция департаменті аталған фактіні тіркеуге алды.
«Егер қандай да бір құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыз, бұл туралы «102»жедел арнасына хабарлауыңыз қажет. Осы фото және бейне контент бойынша фактіні Петропавл қалалық Полиция басқармасы тіркеуге алды. Қазіргі уақытта ер адамның және басқа қатысушылардың жеке басын анықтау бойынша шаралар қабылдануда», - деп пікір қалдырды облыстық ПД.