"Иттің иесі мың теңге берді": Питбуль талаған баланың анасы оқиғаның қалай болғанын айтты

0
396

3 жасар Аделина питбульдің аузынан аман қалды. Анасы дер кезінде көрмегенде бүлдіршіннің аман жүруі екі талай еді.


ERNUR.KZ. 3 жасар Аделина питбульдің аузынан аман қалды, деп жазады sputnik.kz.

Анасы дер кезінде көрмегенде бүлдіршіннің аман жүруі екі талай еді.

"Құрбым баласын ертіп біздің үйге қонаққа келді. Содан баласын біздің үйде қалдырып, ертесі жұмысқа кетті. Мен құрбымның әжесінен баланы алып кетесіз бе деп сұрадым, өйткені өзімнің де қосымша жұмыстарым шығып қалды. Бірақ әжей денсаулығы болмай тұрғанын айтты. Құрбым мен өзімнің баларымды алып, әжейдің үйіне бардым", - дейді Анастасия Ерохно.
Әжейдің үйінің ауласы да, дәлізі де көршісімен ортақ болған.
"Көршінің де кішкентай баласы бар екен. Менің, құрбымның, көршісінің балалары бірге аулада ойнап жүрді. Көрші кісі баласына "мен қазір келемін, үйде отыр" деп бір жаққа кетіп бара жатқанын көрдім. Ол көршінің 12 жастағы қызы бар екен, ол үйінде болған. Сол кезде жаңағы көршінің баласы питбуль итінің басынан сипаған. Ит ешбір қамауда немесе байлауда емес, бос жүрген ит. Менің де балам барып, басынан сипаған. Сол кезде ит қызымды бас салып, бетінен қапқан", - дейді Анастасия Ерохно.
Баласының даусын естіп, жанұшыра сыртқа шыққан ана иттің үш жасар қызды жұлмалап жатқанын көрген.
"Ит қызымның бетінен тістелеп, аяқ-қолын жұлмалап жатыр екен. Мен жанұшыра көршінің 12 жастағы қызын шақырдым. Дереу жедел жәрдем шақырдым. Бірақ жедел жәрдем ұзақ уақыт келмеді. Бірден күйеуіме хабарласып, баланы алып, орталық аудандық ауруханаға апардық. Олар бізге "көмектесе алмаймыз, жедел жәрдем күтіңіз" деді. Жедел жәрдем көлігі келіп, бізді балалар ауруханасына апарды", - дейді қыздың анасы.
Ит талап, аурухана есігінде жүргенде кішкентай Аделина дыбыс та шығармаған.
"Бала мүлдем дауыс шығармады. Мен өліп кете ме деп қатты қорықтым. Бірақ айтқан сөзімнің бәрін естіп, біліп жатты. Балалар ауруханасында бірден ота жасады, төрт күн жансақтау бөлімінде жатты. Одан кейін екі аптадай ауруханада ем алдық. Балам сол кездері мүлдем тамақ іше алмай қалды. Біздің басымыздан өткен қиындықты ешкім көрмесе екен деймін. Ал иттің иесі халымызды сұрап бір рет жазды да, 1000 теңге жіберді", - дейді Анастасия Ерохно.
Оның айтуынша, баланың еміне біраз ақша кеткен. Қайырымды жандар көмек қолын созыпты.
"Қазіргі күні баламның беті бері қарап келе жатыр. Әлі де психологтың көмегіне жүгінеміз. Өйткені қызымның тілі кекештеніп қалды. Онымен қоса бетінің тыртығына пластикалық ота жасату керек. Ол отаны қашан жасау керегімізді дәрігерлер өздері айтамыз деді. Бағасы қанша болатынын да білмейміз. Иттерді атпау керек, өлтірмеу керек деп жатыр. Мен оған түбегейлі қарсымын. Адамды қапқан итті құрту керек", - дейді Аделинаның анасы.
Еске сала кетейік, жантүрлшігерлік оқиға 6 мамырда Қостанай облысы Тобыл қаласында болған.