Израильдің Газа секторына жасаған соққысы салдарынан қаза тапқандар саны артты

0
1 457

Израиль армиясы исламшылдардың бақылауындағы аймақты қоршауда ұстап отыр.


Израильдің Газа секторына жасаған соққысы салдарынан қаза тапқандар саны артты

ERNUR.KZ. Палестинаның медициналық қызметтері Израильдің Газа секторына жасаған соққысы салдарынан қаза тапқандар саны айтарлықтай артқанын хабарлады. Соңғы мәлімет бойынша, 1 400-ден астам адам ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылының құрбаны болған, деп жазады inform.kz.

Израиль армиясы исламшылдардың бақылауындағы аймақты қоршауда ұстап отыр. Ал бейбіт тұрғындарды солтүстік аймақтардан дереу кетуге шақырады. Израиль армиясы ХАМАС-ты жою үшін жерүсті операциясын жүргізуді көздеп отыр және бұл топты қауіпті аймақтан бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға кедергі келтірді деп айыптайды.

БҰҰ елдің гуманитарлық жағдайы ауыр екенін жариялады. Батыс елдері Египетті Газа секторынан шығатын жалғыз жол – Рафах шекара өткелін ашуға шақырып жатыр. Ал Иран мен Ливандағы Хезболла тобы, Израиль жерүсті операциясынан бас тартпаса, қақтығыс кеңейіп, жағдай ушыға түсетінін айтып қорқытады. АҚШ өзінің ұшақ тасығыш тобын Жерорта теңізінің шығыс жағалауына көшірді.