Қай елдердің азаматтары Қазақстанда бизнеспен айналыса алады

0
551

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою хабарлама жіберу тәртібіне ауыстырылды.


Қай елдердің азаматтары Қазақстанда бизнеспен айналыса алады

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения елдерінің азаматтары елімізде кәсіпкерлік қызметті іске асыра алады, деп жазады zakon.kz.

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою хабарлама жіберу тәртібіне ауыстырылды. Яғни, жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін мемлекеттік кіріс органына дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама ұсынады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Ведомствоның мәлімдеуінше, қызметтің басталғаны туралы хабарламаны egov.kz порталы, «e-Salyq business» мобильді қосымшасы, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жіберуге болады. Сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының Қызмет көрсету орталықтарында қағаз түрінде хабарлама беруге болады.
Биыл қанша ресейлік Қазақстаннан ЖСН алды
Тіркеу хабарлама берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы ақпаратты www.kgd.gov.kz порталында «Салық төлеушіні іздеу» батырмасы арқылы электронды сервистерден алуға болады.