Қайрат Боранбаевтың ағасына іздеу жарияланды

0
634

Боранбаев Мұрат Советайұлы 1970 жылы 1 шілдеде дүниеге келген.


Қайрат Боранбаевтың ағасына іздеу жарияланды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі (ҚҚА) Қайрат Боранбаевтың ағасы, кәсіпкер Мұрат Боранбаевты іздеуге жариялады, деп жазады zakon.kz.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Боранбаев Мұрат Советайұлы 1970 жылы 1 шілдеде дүниеге келген.

2022 жылғы 20 шілдедегі іздеу ісі Алматы облысында тіркелген. Бастамашы: ҚМА. Іздестіру жүргізетін орган: Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті (тел. 8 (727) 279-29-56), делінген хабарламада.

Еске салайық, 17 наурызда Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. Ведомство квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

8 шілдеде Қайрат Боранбаевтың қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылғаны хабарланған болатын.