Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталды

0
1 008

​Қайрат Сатыбалдыұлы – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.


Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталды

ERNUR.KZ. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану және "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп жазады sputnik.kz.

"Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.

Қ.Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
Қайрат Сатыбалдыұлы – Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.