Қақаған қыста жарық пен жылусыз қалған мүгедек өз үйінде үсіп өлді

0
1 243

Қоғам белсендісінің айтуынша, мүгедектің қазасы жергілікті әлеуметтік қызметтің жауапсыздығын көрсетеді


Қақаған қыста жарық пен жылусыз қалған мүгедек өз үйінде үсіп өлді

ERNUR.KZ. Ақмола облысында III топ мүгедегі суық үйде үсіп өлген. Бұл туралы қоғам белсендісі Мұрат Қабылбаев хабарлады, деп жазады sputniknews.

Былтыр қазан айында Қабылбаев үйінде жарығы мен көмірі жоқ ер адам туралы жазған болатын. Автор көмекке мұқтаж Ақмола тұрғынын арнайы орталыққа орналастыру керектігін айтқан. Ер адам мүгедектіктің екінші тобына ауысуға тиіс еді, бұл мәселемен "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының өкілі айналысты, деп атап өтті Қабылбаев. Алайда ер адам бір жаққа кетуден қатты қорыққан.

Қазақстандықтың өлімі жергілікті әлеуметтік қызметтердің жауапсыздығынан болды, деп санайды Қабылбаев.

Нет описания фото.

"Әкімдік өкілдері барса, ресми тұлғалар болғандықтан, бәлкім, басқаша қарар ма еді. Василий, кешір бізді, сен кейбіреулер үшін адам емессің. Немқұрайлылықтың құрбаны болды. Өзі кінәлі дейді… 30-40 градус аязда жарықсыз, отынсыз… Көрпеге оранып жатқан… Тірі қалуы мүмкін бе еді?", — дейді қоғам белсендісі.

Бурабай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің айтуынша, ер адам қызының сөзін тыңдамай, мүгедектік тобын ауыстыруға көнбейді. Щучинск дәрігерінің қорытындысы негізінде құжаттарды ресімдеуге болатын еді, бірақ өзі жеке куәлігін тығып тастады, дейді бөлім басшысының орынбасары Светлана Анискина.

"Ересек адамды мәжбүрлей алмадық. III топ мүгедегі болған. Зейнет жасына жетпегендіктен, оған әлеуметтік қызметкер бөлінбеген еді. Мүгедектік тобына байланысты медициналық-әлеуметтік мекеменің қарауына бере алмадық. Себебі Щучинскіде туған қызы тұрады. Қараша айында қалалық әкімдік пен "Нұр Отан" партиясы және аудандық емхана көмегімен көмір жеткізіп бердік. Ағаш отыны бар болатын. Бір көлік көмір жеткізілген. Үй ішінде жүріп-тұруы қиын болғандықтан, оған бөлінбесе де, мүгедек арбасын апарып бердік", — дейді Анискина.

Оның айтуынша, қараша-желтоқсан айларында ер адамға таза жатын орын мен азық-түлік жеткізіліпті.

Мұрат Қалыбаев "атқарушы органдар мәселе ушыққан кезде ғана қолға алатынын" айтып, әлеуметтік қызметтің жұмысын салғырт деп ойын түйіндеді.