Пәтер алғандардың арасында бірнеше студент, бір зауыт жұмысшысы, бала күтушісі және пәтер жөндейтін жігіт бар.
ERNUR.KZ. Бүгін Павлодарда кезекте тұрған жеті жетім бала жаңа пәтер иесі атанды. Кілтті қала әкімі Ануар Күмпекеев табыстаған, деп жазады nur.kz.
Қалалық әкімдікте хабарлағандай, тұрғын үй комиссиясы пәтерлерді 50 млн теңгеге ауыстыру туралы шешім қабылдаған. Ал бағалы үйдің құны қала орталығында орналасқан жаңа құрылыс аудандағы жеті пәтерге жеткен екен.
Бұл іс Павлодар облысы әкімінің тапсырмасымен жүзеге асырылыпты. Нәтижесінде, әкімдік бір екі бөлмелі және алты бір бөлмелі пәтер сатып алған.
"Риэлторлық компаниялармен келіссөздер жүргізгеннен кейін, жарнама хабарландыруларына мониторинг жүргізілген соң жеке кәсіпкермен келісімге қол жеткізілді. Осыған байланысты 2019 жылдың 10 қаңтарында басқа жылжымайтын мүлік объектілеріне пәтер айырбастау бойынша мәміле жасалды", - деп хабарлады Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сатып алынған пәтерлердің жалпы ауданы 270 шаршы метрге жуық. Жанжалға себеп болған тұрғын үй 230 шаршы метрді құраған. Қалалық әкімдік мәмілені бір шаршы үшін 185,9 мың теңге бағасымен жасаған.
Пәтер алғандардың арасында бірнеше студент, бір зауыт жұмысшысы, бала күтушісі және пәтер жөндейтін жігіт бар.
Айта кетейік, Павлодар әкімдігі 50 млн тұратын пәтерді сатып алғаны туралы ақпарат 2018 жылдың желтоқсан айында белгілі болған.
Бұл мәселе БАҚ өкілдерінде талқыланған соң Павлодар облысының әкімі қала әкімі Ануар Күмпекеевке сөгіс жариялаған.