​Қала әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

0
1 418

Сәуле Аманбайқызы Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын заңгер және құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.


​Қала әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ERNUR.KZ. Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабевтың өкімімен Сәуле Арзанбекова Талдықорған қаласы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары болып тағайындалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Сәуле Аманбайқызы 1975 жылы туған. 1997 жылы Талдықорған заң колледжін, 2001 жылы Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын заңгер және құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Жалпы, жұмыс өтілі 25 жыл. Еңбек жолын Талдықорған қаласы әкімдігінде аппарат хатшысы болып бастаған. Содан бері әкімдікте аппарат бөлімінің маманы, қалалық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, Талдықорған қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, қала әкімі апаратының бас маманы, тілдерді дамыту бөлімінің басшысы және осы уақытқа дейін Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Ал, бұған дейін осы қызметте болған Марлен Көлбаев Талдықорған қаласы әкімінің Құрылыс пен ТҮКІШ саласына жауапты орынбасары болып ауысты.