Қала жұрты қалтырап отыр: Өскемендегі жылу құбырларының тең жартысы тозған

0
575

Осы жазда қала бойынша 2 шақырым жылу құбыры жаңаланып, 70 шақырымы ағымдағы жөндеуден өткен.


Қала жұрты қалтырап отыр: Өскемендегі жылу құбырларының тең жартысы тозған

ERNUR.KZ. Өскемендегі жылу құбырларының 62 проценті тозған, деп жазады 24.kz.

Жалпы ұзындығы 200 шақырыман асады. Ал қалада бар жылу құбыры 411 шақырымдай. Жылуға жауапты коммуналдық мекеменің мәліметі бойынша қазір қаладағы әлеуметтік нысандардың 50 проценттен астамына жылу берілген. Көмір қоры да бар. Әзірше 57 күнге жетеді. Жылу қазандықтары да толық тексеруден өткен. Ал көпқабатты үйлердің 3-ақ проценті жылуға қосылған.

Осы жазда қала бойынша 2 шақырым жылу құбыры жаңаланып, 70 шақырымы ағымдағы жөндеуден өткен. Дегенмен кейбір орталық көшелердегі жылу магистралындағы жұмыстар әлі аяқталмаған.


"Атап айтқанда, Белинский көшесінде жұмыстар аяқталған. Онда ертеңгі күннен бастап барлық тұтынушылар жылауға қосылатын болады. Тартеңнен бастап жылу нысандарының бәрі іске қосылатын болады. Іске қосу кезеңі 5 күнге аяқтауды жоспралап отырмыз", - деді, қалалық жылу жүйлері орталығының директоры Асхат Бұқатов.