«Қаламқастағы» апаттан кейін 14 адам жұмыстан шығарылды

0
925

Наурыз айында № 82-37 мұнай ұңғымасының түбін цементпен бекіткен кезде оны талапқа сай құрғатпаған.


«Қаламқастағы» апаттан кейін 14 адам жұмыстан шығарылды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» кен орнындағы апаттың себебі анықтала сала қытайлық «Си Бу» компаниясында 14 адам жұмыстан босатылып, 4 қызметкерге сөгіс жарияланды, деп жазады ktk.kz.

Осылайша бұрғылау кезінде кеткен олқылықтың орнын толтырамыз деген компания өкілдері қауіпсіздікті күшейткендерін айтады. Алайда, алапат өртке кінәлі қызметкерлерді жазалау шарасы «Си Бу» компаниясының қателігін түгел жуып-шаймайтыны ақиқат. Сондықтан серіктестік тарапы мемлекеттік лицензияның күшін тоқтата тұру туралы әкімшілік іске қарсы шағым түсіріп жатқан көрінеді.

Тіпті, бұрғылауға тапсырыс беруші «Маңғыстаумұнайгаздың» айтуынша, «Си Бу» лицензиясынан айырылса, өндірістік жоспарды орындау кестесі бұзылып, өңір экономикасына кері әсерін тигізбек.

Айта кетейік, арнайы комиссия «Қаламқас» кен орнындағы алапат өрттің неден шыққанын түсіндіріп, оған қытайлық компания кінәлі екенін айтқан. Яғни, наурыз айында № 82-37 мұнай ұңғымасының түбін цементпен бекіткен кезде оны талапқа сай құрғатпаған. Соның кесірен сыртқа газ кетіп өрт 4 күнде әрең сөнген болатын.