Кәмелетке толмағандарды жыныстық құлдыққа сатқан күдікті Қазақстанға эксрадицияланды

0
784

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды.


Кәмелетке толмағандарды жыныстық құлдыққа сатқан күдікті Қазақстанға эксрадицияланды

ERNUR.KZ. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Бахрейн Корольдігінен 1989 жылы туған Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп жазады Tengrinews.kz

Бас прокуратура мәліметінше, ол Бахрейн Корольдігінде жыныстық қанау мақсатында ҚР кәмелетке толмаған азаматшасын сатты деген күдікке ілінді.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды.
Қазақстан мен Бахрейн Корольдігі арасында іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беру туралы шарт болмаған жағдайда, Бас прокуратура Бахрейн тарапымен айыпталушыны экстрадициялау туралы уағдаластыққа халықаралық құқықта қолданылатын өзара түсіністік қағидаты негізінде қол жеткізді.
Бүгінде күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Айта кетейік, бұл қылмысқа қатысы бар бірқатар адам бұрын ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Еске салайық, бұған дейін Бахрейнде 20-дан аса қазақстандық қыз сексуалдық құлдықта болғаны хабарланған еді. Одан бөлек, 2020 жылы маусымда адам саудасымен айналысқан қазақстандықтар сотталған болатын.