Кәмелеттік жасқа толмаған даяшылардың өліміне қатысты тергеу ісі басталды

0
1 260

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Кәмелеттік жасқа толмаған даяшылардың өліміне қатысты тергеу ісі басталды

ERNUR.KZ. Аталған оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 4-тармағы ("Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай тізіліміне тіркелді, деп жазады baq.kz.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің-мән-жайы тексеру кезінде анықталады, - деді Жаңаөзіннің полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Айдаров.
Жаңаөзін қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысы Қолғанат Есмырзаеваның айтуы бойынша даяшы балалар мейрамханаға аумағында орналасқан қазандықта түнеп қалған. Белгілі болғандай, балалар сенбі күнгі 23 қарашада банкетте жұмыс істеп, 24 қарашада таңертеңгі банкетте шығу керек болған соң, үйлеріне бармай, қонып қалған екен.
Анасының айтуы бойынша, балалар өздері жұмыс істеген жердегі қазандықта қонып қалған. Бізге телефон арқылы үш адам зардап шеккенін хабарлады. Бір адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Ал екі адам оқиға орнында қаза тапты, - деді Қолғанат Есмырзаева.
Тірі қалған 15 жастағы баланы ауыр жағдайда реанимация бөліміне жеткізді. Ол газбен уланып қалған. 25 қараша күні студент есін жиды, қазір өзін жақсы сезінеді.
2003 жылы туған бала Жаңаөзен қаласының көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Бірден реанимация бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер консилиум өткізілді. Қазір баланың жағдайы жақсы, есін біледі, тамақ ішеді, сұрақтарға жауап береді. Алдын ала қойылған диагноз газбен уланды. Қазір бала дәрігерлердің бақылауында. Жалпы палатаға шығаруды жоспарлап отырмыз. Дәрігерлер баланың жағдайын тұрақтандырды, - деді Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасының емдеу бөлімі директорының орынбасары Раушан Жапарова.
Естеріңізге сала кетейік, кәмелеттік жасқа толмаған мейрамхана қызметкерлері газдан уланып қаза тапқаны туралы хабарлаған болатынбыз.