"Аңсаған сәби" бағдарламасына бала сүюге үмітті, репродутивті жастағы кез келген жұп қатыса алады.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді қалалық ауруханасы отбасын жоспарлау орталығының гинеколог-эндокринологы Айгүл Мұсабаева экстракорпоральды ұрықтандыруға қарсы медициналық көрсетілімдерді атады, деп жазады Stan.kz.
"Жатыр қосылымына эмбрионды имплантацияға кедергі келтіретін туа біткен, жүре біткен ақаулар, жүктілік қарсаңында қарсы көрсетілімі бар психологиялық, соматикалық өзгерістер, операциямен емдеуді қажет ететін аналық бездер, жатырдың қатерсіз ісіктері, онкология, жедел қабыну, кез келген локализация онкологиясы, есірткі мен алкогольге тәуелділік, жатыр қосалқыларының гидросальпингсі, сактосальпинкс, жатырдың синехиясыз ісіктері жатырдан тыс ұрықтандыруға кедергі жасап, нәтижесін төмендететін және болдырмайтын қарсы көрсетілім болып саналады", - деді маман.
Айта кетері, 2020 жылы бірінші қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бала сәби сүйе алмайтын отбасыларға арнап "Аңсаған сәби" бағдарламасын іске қосуды тапсырды. Президент ЭКО бағдарламасы бойынша квота санын 7 мыңға дейін, яғни жеті есе көбейту қажет екенін айтты.
Бағдарлама 2021 жылдан бастап іске қосылды, оған республикалық бюджеттен 6 миллиардтан астам қаржы бөлінді.
"Аңсаған сәби" бағдарламасына бала сүюге үмітті, репродутивті жастағы кез келген жұп қатыса алады. ЭКО-ға отбасылық жұптар және жалғызбастылар да қатысады. Ол үшін Қазақстан азаматының міндетті медициналық сақтандыруы болуы қажет.