Қандастардан талап етілетін құжаттар тізімі 46-дан 20-ға дейін қысқартылды

0
1 106

Рәсімдеу уақыты 6 айдан 3 айға қысқарған.


Қандастардан талап етілетін құжаттар тізімі 46-дан 20-ға дейін қысқартылды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева елге оралған қандастарымызға құжат рәсімдеу анағұрлым жеңілдетіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл жайлы министр халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ұлтаралық қатынас саласының үлкен бір бөлігі – шетелдегі қазақтар мен елге оралған қандастар мәселесі. Бұл бағыттағы барлық сұрақтарды шешу үшін қазір «Отандастар» қорымен бірлесе отырып, бірқатар жобаларды қолға алдық. Өздеріңіз білесіздер, Үкімет тарапынан бекітілген «2018-2022 жылдарға арналған этникалық қазақтарды қолдау жоспары» бар. Оның аясында шетелдегі қазақтардың қатысуымен көптеген мәдени-гуманитарлық ғана емес, бизнес іс-шаралар да өткізіліп отырады», - деді Аида Балаева ОКҚ алаңы арқылы халыққа есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша елге оралған қандастарымызға құжат рәсімдеу анағұрлым жеңілдетіп, «бір терезе» қағидасы енгізіліп отыр. Осының нәтижесінде қазір қандастар 5-6 мемлекеттік мекемені аралап табан тоздырмай, барлық шаруасын бір жерден шешетін болады. Оларға қажетті құжаттардың саны да екі есеге ықшамдалып, рәсімдеу уақыты 6 айдан 3 айға қысқарған.