"Қанша судың төгілгенін елестетуге болады": Екібастұзда су құбырындағы апаттан кейін алып мұздық пайда болды (видео)

0
389

Екібастұз әкімдігі су құбырындағы апат салдарынан мұз блогы пайда болғанын айтты.


ERNUR.KZ. Екібастұз қаласының маңында алып “мұздық” пайда болды. Әкімдік мәліметінше мұздық су құбырындағы апаттан соң түзілген, деп жазады stan.kz.

“Мұздықтың" видеосын Павлодар облысына барған қазақстандық журналист Асхат Ниязов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Бұл мұздықтың Екібастұз апатынан кейін пайда болғанын түсінемін. Қанша су төгілгенін елестете беруге болады, өйткені әлі де жалғасып жатыр. Назар аударыңыз! Бұл мұздық жақын арада ери бастайды, бұл жер қауіпті. Сондықтан оны көрсеңіз, ішке кірмеңіз. Сыртынан қарағанда әдемі", – деп жазды журналист.

Екібастұз әкімдігі су құбырындағы апат салдарынан мұз блогы пайда болғанын айтты.

"Бұған дейін Орман шаруашылығы ауданында “Горводоканалдың" балансында құбырдан су кеткен, соның салдарынан мұз блогы пайда болды,- деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тағы да су кетсе, жедел түрде тоқтатылатынын мәлімдеді. 2024 жылдың жазында магистральдық су құбырын жөндеу жоспарланған. Учаскені жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер анықталды.