Қаңтар оқиғасы: Қызылордада 19 жастағы сарбаздың қалай қаза тапқаны белгілі болды

0
713

​Күдікті әскери техниканың газ басқышына кірпіш қойып, әскери қызметшілерге қарай бағыттаған. Өзі көлік кабинасынан секіріп кеткен.


Қаңтар оқиғасы: Қызылордада 19 жастағы сарбаздың қалай қаза тапқаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Бас прокуратура Қызылорда облысында қаңтар оқиғасы кезінде аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілердің біріне қатысты тергеу аяқталғанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

Ведомство ақпаратынша, 5 қаңтарда Қызылорда қаласында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күдікті мен оның сыбайластары Ұлттық ұланның КамАЗ жүргізушісін аяусыз соққыға жыққан.
"Кейін күдікті әскери техниканы айдап әкетіп, газ басқышына кірпіш қойып, көлікті әскери қызметшілердің қоршауына бағыттаған. Ал өзі КамАЗ кабинасынан секіріп кеткен. Көлік қатты жылдамдықпен әскерилерді қағып кетті, салдарынан солдат Қайсаров қаза тапты", - деді Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.
Күдіктінің әрекеті терроризм актісі ретінде сараланды.
Қайсаров отбасында жалғыз бала болған. Биыл ол тірі болса 20 жасқа толар еді.
Бас прокуратураның ақпаратынша, қазіргі таңда қаңтар оқиғасы бойынша 288 қылмыстық іс сотқа жолданды.
Жалпы ел бойынша жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін 721 адам күдікті деп танылған. Оның ішінде 281-і қамауға алынды.