Қаңтар оқиғасына қатысты 12 мыңнан астам адамнан жауап алынған

0
542

Ішкі істер органдары тергеушілерімен қаңтар оқиғалары бойынша 107 күдіктіге қатысты қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталған.


Қаңтар оқиғасына қатысты 12 мыңнан астам адамнан жауап алынған

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп жазады baq.kz.

Қылмыстық істер бойынша 1,5 мыңнан аса жеке және заңды тұлғалар жәбірленуші деп танылған, 12 мыңнан астам адамнан жауап алынған, 2 мыңнан астам әртүрлі сот сараптамалары тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеудің сапасына және оның жадел аяқталуына ерекше назарға алынған, - деді ол.

Әділов атап өткендей, Ішкі істер органдары тергеушілерімен қаңтар оқиғалары бойынша 107 күдіктіге қатысты қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталған.

Бұл істердің де негізгі бөлігін ұрлықтар - 65, қаруды заңсыз сақтау фактілері – 11, оларды ұрлау – 7 және өзгелер құрайды.Сотқа 86 айыпталушы берілді (Алматы қ. – 48, Алматы обл. – 5, Ақмола және Түркістан облстары – 1), - деді Әділов.