Қаңтарда Алматы әуежайын басып алуға полиция бастығы жол берген

0
749

Сол кезде әуежайда 165 қауіпсіздік қызметкері, оның ішінде 40 полиция қызметкері, 65 шекарашы, 60 авиациялық қауіпсіздік қызметкері болған.


Қаңтарда Алматы әуежайын басып алуға полиция бастығы жол берген

ERNUR.KZ. ҚР Бас прокуратурасының 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бұрынғы бастығы не үшін ұсталғанын айтты, деп жазады Stan.kz.

"Сонымен бірге, Алматы қаласы әуежайының Желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталды. Ол өзінің қызметтік міндеттерін орындамады, әуежайды күзетсіз қалдырды. Осылайша әуежайды басып алуға жол берді. Салдарынан әуежайға айтарлықтай зиян келді. Оның инфрақұрылымы бұзылды, кәсіпкерлердің мүлкі ұрланып, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнді", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Елдос Қилымжанов сол кезде әуежайда 165 қауіпсіздік қызметкері, оның ішінде 40 полиция қызметкері, 65 шекарашы, 60 авиациялық қауіпсіздік қызметкері болғанын атап өтті.

"Олардың барлығы да шабуылға тойтарыс беру үшін жеткілікті атыс қаруларымен қамтамасыз етілген болатын", - деді ҚР Бас прокуратурасының 1 қызмет бастығының орынбасары.

Бас прокуратура дерегі бойынша, қаңтар оқиғасы кезіндеАлматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан.