Әділов 3 қаңтарда Өскемен қаласында полиция қызметкерлерінің заңсыз митинг ұйымдастыру әрекеттерінің жолын кесу кезінде осы қаланың тұрғыны оларға қарсылық көрсетіп күш қолданғанғанын айтты.
ERNUR.KZ. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп жазады baq.kz.
"Жұртшылыққа тек ресми дерекпен ғана емес, әлеуметтік желілердегі жаппай тәртіпсіздік кезінде құқық қорғау орган қызметкерлеріне қатысты қатыгез түрдегі зорлық-зобылық фактілері белгілі. Олардың көпшілігі өз міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өміріне қол сұғушылық ретінде бағаланады. Мысалы, 5 қаңтарда Семейдегі тәртіпсіздіктер кезінде қала тұрғыны заңды талапқа бағынбай, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан Ұлттық ұлан сарбазына дене жарақатын салған. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді ол.
Әділов 3 қаңтарда Өскемен қаласында полиция қызметкерлерінің заңсыз митинг ұйымдастыру әрекеттерінің жолын кесу кезінде осы қаланың тұрғыны оларға қарсылық көрсетіп күш қолданғанғанын айтты.
"Өскемен қаласы сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Жаппай тәртіпсіздік кезінде қызметкерлерге қатысты күш қолдану фактілері бойынша бірқатар қылмыстық істер әлі өндірісте олар жақын арада сотқа жіберіледі", - деді ол.