Экология министрлігі 2021 жылы Түркістан облысындағы бүлінген Қапшағай су қоймасын реконструкциялауды аяқтамаған.
ERNUR.KZ. Түркістан облысындағы Қапшағай су қоймасы көктемде лезде толып, қирауы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп жазады ҚазАқпарат.
«Гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі ерекше алаңдаушылық тудырады. Мұнда су қоймаларында бос көлем құру мәселелеріне назар аудару қажет. Онсыз өзендердің қауіпсіз деңгейін реттеу мүмкін емес. Біздің дерегіміз бойынша барлығы 1 806 ғимарат бар. 471-і жөндеуді қажет етеді. Олардың ең көбі Қарағанды облысында - 160, Шығыс Қазақстан облысында - 93, Ақтөбе облысында – 56 және Алматы облысында – 41. Сонымен қатар, Экология министрлігінің тірек гидротехникалық құрылыстар санының үнемі өзгеруі алаңдаушылық туғызады. Бұл ретте бізге мемлекеттік органдар мен жекеменшік иелерінің оларды жөндеу бойынша жұмысының нәтижелері ұсынылмайды», - деді министр.
Оның атап өтуінше, Экология министрлігі 2021 жылы Түркістан облысындағы бүлінген Қапшағай су қоймасын реконструкциялауды аяқтамаған. Ол көктемгі кезеңде лезде толып, қирауы мүмкін. Аталған қауіпті аймақта 15 мыңнан астам адам тұратын 7 елді мекен орналасқан.
«Павлодар облысындағы Қ.Сәтбаев атындағы каналдағы №87 бөгетті жөндеу мәселесі шешуді талап етеді. Оның бұзылуы екі елді мекенде 460 үйді су басуға және Астана мен Қарағандыны сумен жабдықтаудың үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.
«Бұл ретте, Экология және табиғи ресурстар министрлігі тек республикалық құрылыстарды жөндеу жұмыстарын ескереді. Коммуналдық және жеке құрылыстар көптеген жылдар бойы назардан тыс қалады. Бұған коммуналдық және жиі гидротехникалық құрылыстарды жөндеу және жаңғырту жөніндегі іс-шаралар Су саласын дамытудың кешенді жоспарының жобасы дәлел бола алады», - деді Юрий Ильин.