Қапшағайда білім бөлімі бір оқулықты 76 миллион теңгеге бағалаған

0
741

Жалпы бір кітаптың нақты бағасы 1850 теңгені құрайды.


Қапшағайда білім бөлімі бір оқулықты 76 миллион теңгеге бағалаған

ERNUR.KZ. 1 дана кітап – 46 миллион теңге. Райымбек аудандық білім бөлімі мемлекеттік сатып алуларда осындай баға көрсеткен, деп жазады 24.kz.

Ал Қапшағай қаласының білім бөлімі одан зорғы бір оқулықты 76 миллион теңгеге бағалаған. Өрескел заң бұзушылықты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматылық департаменті анықтады. Айтуларынша, жалпы бір кітаптың нақты бағасы 1850 теңгені құрайды. Осылайша тексерістер барысында 761 миллион теңге қаржы үнемделді дейді олар.

Мемлекеттік сатып алу кезінде бағаны асыра көтеру деректері медицина мекемелерінде де белең алғаны анықталды. Мәселен, Іле аудандық емханасы 1 келі ақжелкен үшін 1350 теңге баға белгілесе, Алматы облыстық медициналық-әлеуметтік оңалту және психотерапия орталығы ірімшіктің әр келісін 5 мың теңгеден сатып алмақшы болған. Аталған екі жағдай бойынша тергеу басталды.

"Бұл біздің департамент пен ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп отырып атқарған жұмыс. Бір кітапты 76 млн теңгеге сатып алу енді адамның басына кіріп шықпайды ғой. Сол себепті базаның өзі тиісті сигнал беріп тұрады, хат жолданады. Болашақта бұл бағытта да жұмыстар тоқтатылмайды. Қазіргі кезде республика деңгейінде Алматы облысының көрсеткіші өте жоғары деңгейде" - дейді Жандос Жұмабаев, ҚР СЖҚІҚА облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары.