​Қапшағайда малшы қожайынының сарайын тонап кеткен

0
820

Қабылданған шаралар нәтижесінде, полиция қызметкерлері Кербұлақ ауданының 49 жастағы тұрғынын ұстады.


​Қапшағайда малшы қожайынының сарайын тонап кеткен

Малшы жарты жыл ішінде өзіне сеніп тапсырылған сарайдан қойларды ұрлап келген, деп жазады ERNUR.KZ.

Қапшағай қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 25 қойының ұрланғаны туралы айтып Қапшағай қаласының 43 жастағы тұрғыны жүгінген. Аталған дерек ҚР ҚК 188-1-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде, полиция қызметкерлері Кербұлақ ауданының 49 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өзінің ұрлық жасағанын толық мойындады.
Күдікті малшы болып жұмыс істеп жүріп, 2019 жылдың қараша айынан бастап қожайынының қойларын ұрлай бастағандығы белгілі болды. Бүгінгі күні ұрланған қой саны 25-ке жеткен. Ол ұсақ партиялармен ұрлап, оның бір бөлігін сатып, ал бір бөлігін көрші шопандар арқылы басқа малға айырбастаған.
Тәртіп сақшылары жәбірленушінің 6 бас малын тауып, қайтарды. Ал қалған мал басын күдікті өтеймін деп өзін міндеттеді. Ұсталған азамат мекен-жайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды.