Қарағанды облысында балаларды желкесінен ұрған тәрбиеші жұмыстан қуылды

0
876

Балабақшаның 20 жастағы қызметкері кінәсін мойындады.


Қарағанды облысында балаларды желкесінен ұрған тәрбиеші жұмыстан қуылды

ERNUR.KZ. Абай қаласында "Әдемі" жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі бүлдіршіндерді желкесінен ұрғаны үшін жұмыстан шығарылды, деп жазады sputnik.kz.

Тәрбиешінің балаларға қол жұмсаған сәті видеоға түсіп қалған. Облыстық білім басқармасы бейнеролик әлеуметтік желіде тарағаннан кейін жағдайды бақылауға алып, тексеріс жүргізді.

"Барлық кінәлі тұлға жауапқа тартылады. Камераға түсіп қалған тәрбиеші жұмыстан шығарылды", - деп мәлімдеді басқармадағылар.
Айта кетері, әлеуметтік желіде тараған видеоға алғаш болып қарағандылық полицейлер назар аударған.
Абай қаласының полициясы 20 жастағы күдіктіні анықтаған. Ол өз кінәсін мойындады.
"Бұл факті Қылмыстық кодекстің 140-бабында (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша тіркелді", - деп мәлімдеді Polisia.kz.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.