Қарағанды облысында бірнеше рет зорлық жасаған педофил сотталды

0
603

Қылмыскердің әйел досы мен оның қызы да сотталды.


Қарағанды облысында бірнеше рет зорлық жасаған педофил сотталды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 18 қылмыс жасаған педофилге үкім шықты. Сонымен қатар қылмыскердің әйел досы мен оның қызы сотталды. Олар қылмысты біле тұра полицияға хабар бермеген, деп жазады sputnik.kz.

Кәмелетке толмағандарға қатысты ауыр қылмыс жасағаны үшін ұсталған Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының тұрғыны 26 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушының Қылмыстық кодекстің 120-бабы ("зорлау"), 124-бабы ("жас балаларды азғындық жолға түсіру") және 121-бабы ("сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша он сегіз қылмысы дәлелденді.

"Сотталушы Қылмыстық кодекстің 120, 121 және 124-баптары бойынша кінәлі деп танылсын және барлық жүктелген қылмыстың жиынтығы бойынша төтенше қауіпсіз мекемеде жазасын өтей отырып, 26 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Алғашқы бес жылды толық қауіпсіз мекемеде өтейді", - деп үкім шығарды судья Қайрат Қасымов.

Сондай-ақ, сотталушының әйел досы мен оның қызына да үкім шығарылды. Екі әйел ер адамның осы аудандағы екі қызға қатысты бірнеше рет қылмыс жасағанын білген, алайда бұл туралы полицияға хабарламаған.

Сот тыңдаулары барысында екі сотталушы да әрекетіне өкінетінін айтты. Соған байланысты оларға екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.