Күдікті азамат қылмысы дәлелденсе төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында ер адам 5 жасар баланы тонап кеткен Оқиға Қарқаралы ауданындағы ауылдардың бірінде болған, деп жазады ktk.kz
9 қараша күні Қарқаралы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түскен.
"Әйел өзі дүкенге кіріп кетіп, 5 жасар баласын сөмкесімен сыртта қалдырып кеткенін айтты. Анасы азық-түлік алып жүрген уақытта белгісіз ер адам бүлдіршінге жақындап сөмкесін тартып алып, ішіндегі ұялы телефонын алып кеткен", - делінген полиция ақпаратында.
Көп ұзамай полицейлер күдікті азаматты қолға түсірген. Баланы тонаған 36 жастағы ер адам болып шықты. Ұялы телефонды айғақты зат ретінде тәркілеген. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азамат қылмысы дәлелденсе төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.