Қарағанды облысында ерлі-зайыпты балконмен бірге құлап кетті

0
1 070

36 жастағы әйелдің сүйегі сынған, кеуде және бет жарақатын алған.


Қарағанды облысында ерлі-зайыпты балконмен бірге құлап кетті

ERNUR.KZ. Қарағанды облысы Шашубай кентінде үш қабатты үйдің балконы опырылды, деп жазады тengrinews.kz.

Телеарнаның мәліметінше, оқыс оқиға кезінде күйеуі мен әйелі балконда тұрған. Олар Балқаш қаласындағы орталық ауруханаға жеткізілді.

Телеарна мәліметінше, 36 жастағы әйелдің сүйегі сынған, кеуде және бет жарақатын алған. Дәрігерлер оған ми жарақатын алды деген диагноз қойды, жағдайы орташа ауыр.

Екінші зардап шегушінің миы шайқалып, кеуде және бауыр жарақатын алған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.